Маңғыстау жастары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жібереді

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы еліміз бойынша су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін арнайы бастаманы қолға алды. Осы орайда гуманитарлық көмек ретінде Ақтау тұрғындарынан жылу жинау жұмыстары басталды.

«Біз жастармен бірлесе отырып, Маңғыстау облысы бойынша қажетті заттарды жинауды жалғастырамыз. Бұған кез келген тұрғын өз мүмкіндігіне қарай киім-кешек, азық-түлік, өзге де тұрмысқа қажетті заттарды біздің орталыққа әкеліп тапсыра алады. Шара аясында жиналған көмек көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына жолданады», – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Баянқызы.

Бұл ретте ақтаулықтар күн сайын сағат 10.00-ден 18:30-ға дейін 6 шағын аудандағы 18 үйде орналасқан жастар ресурстық орталығына тиісті көмекті әкеп тапсыра алады. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жұртшылық табыстайтын киімдер гигиеналық талапқа сай болуы керек.

Анықтама үшін: 8 778 253 94 05 (Нұрасыл Нұрбергенұлы).

Exit mobile version