Маңғыстаулық Нартай Алтыбаев әлем чемпионатында кезекті жеңісін тойлады

Қытайдың Хайнин қаласында гір көтеруден ересектер мен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында маңғыстаулық спортшы Нартай Алтыбаев алтын медаль жеңіп алды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нартай Алтыбаев осы жарыста төртінші рет әлем чемпионы атанып, Қазақстанның намысын тағы да асқақтатты.

Айта кетейік, аталған спортшы бұған дейін бірнеше ірі жарыста топ жарып, үш мәрте әлем чемпионы, төрт мәрте Азия чемпионы және жеті мәрте Қазақстан чемпионы атағын иеленген. Ол гір көтеру спортының өңірде дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан тәжірибелі спортшылар қатарына жатады.

Сонымен қатар, Нартай Алтыбаев өз балалары мен осы спортқа қызығатын жасөспірімдерді жаттықтырып, жаңа буын спортшыларын тәрбиелеуге атсалысып жүр.

Exit mobile version