Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы «Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдауды бастады.
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауы Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының дәстүрлі жыл сайынғы шарасы.
Байқауға өтініш қабылдау www.mangystauzhastary.kz сайты арқылы 22 қазаннан 11 қарашаға дейін жүреді.
Ең үздік 3 қатысушыға 150 000, 100 000 және 50 000 теңге көлемінде жүлде қоры бекітілді.
Стартап байқауға қатысу үшін толық ережені төменде оқуға болады:
«Jastar Startup – 2021» байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- «Jastar Startup – 2021» байқауын өткізу туралы ереже (әрі қарай – Ереже) «Jastar Startup – 2021» шарасының идеясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
- «Jastar Startup – 2021» шарасы байқау негізінде өтеді. (әрі қарай – Байқау)
Байқау мақсаты – жастардың кәсіби дамуын ынталандыру және қолдау көрсету, сонымен қатар ғылыми әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашу, еліміздегі ғылым саласындағы жастардың үлесін арттыру.
Байқау міндеттері:
- Жастардың идеялары мен жобаларын ұсынуға мімкіндік беретін әмбебаб алаң құру;
- Жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау;
- Жастардың, жас стартаперлердің кәсіби және тұлғалық дамуына көмектесу;
- Технологиялық міндеттерді шешудегі стартаптардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
- Байқау ұйымдастырушысы «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» КММ болып табылады.
- Жобаның серіктестері кез-келген білім беру нысанындағы заңды тұлғалар (ММ, АҚ, ЖШС, ЖК және т. б.).) бола алады.
- НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
- Байқауға қатысу үшін 22 қазан – 11 қараша аралығында байқаудың ресми сайтында өтінім жіберу қажет.
- Байқау туралы ақпарат www.mangystauzhastary.kz сайтында және байқау ұйымдастырушысы мен серіктестерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.
- Байқау келесідей кезеңдерден тұрады:
- Онлайн тіркеу;
- Техникалық іріктеу;
- Жобалар таныстырылымы;
- Конкурстық комиссия отырысы;
- Қорытынды (Марапаттау шарасы)
- Байқауға қатысу тегін.
- Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы Маңғыстау облысының жастары қатыса алады.
- Байқауға қатысуға келесі тақырыптардағы инновациялық жобалар қабылданады:
- жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу);
- химиялық технология, нанотехнология және биотехнология;
- өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс;
- агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс);
- IT және авиағарыш технологиясы;
- медицина, медициналық техника және технология, фармация;
- табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;
- робототехника;
- үздік лайфхак;
- 3D баспа және жаңа материалдар;
- гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;
- экологиялық инновация;
- наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация;
- білімдегі инновация және т.б.
- Байқауға қатысушы байқауды ұйымдастырушыны жазбаша хабардар ету арқылы кез келген кезеңде өз өтінімінен бас тартуға құқылы. Осы Ережеде белгіленген жағдайларда өтініш берушінің әрекетсіздігі де стартаптың өз өтінімінен бас тартуы деп танылады.
- Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтініш берушіден байқауға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
- Жобалардың сапасын бағалау үшін байқау қорытындыларын шығару және осы іс-шараның үздік жобаларына жүлде беру үшін Конкурстық комиссия құрылады.
- Жобаның жеңімпаздары мен қатысушылары серіктестердің дипломдарымен және жүлделерімен, сондай-ақ жалпы жүлде қоры аясында ақшалай сыйлықпен марапатталады.
- Жобаны ұйымдастырушылар қатысушылардың және басқа тұлғалардың алдында ешқандай жауапкершілік көтермей, қажет болған жағдайда конкурстың күшін жою, тоқтата тұру, аяқтау немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.
- Конкурстық комиссияны құру және оның жұмысы
- Конкурстық комиссияның құрамы өтінімдерді бағалау, жобалардың өздерін таныстыру және қорғау үшін бекітіледі;
- Конкурстық комиссияның құрамы ұйымдастырушылар, сарапшылар, жоба серіктестері және басқа да шақырылған тұлғалар қатарынан қалыптастырылатын болады;
- Конкурстық комиссия 5 және одан да көп адамнан тұратын болады және конкурстың ережелері мен талаптарын сақтауға, жобаны өткізу уақытында конкурсқа қатысты кез келген мәліметтерді, оның ішінде қатысушылардың жеке мәліметтерін жария етпеуге міндеттенеді;
- Конкурстық комиссияның жұмысы жіберілген жұмыстарды бағалаудан «Jastar Startup – 2021» жобасының жеңімпаздарын айқындаудан тұратын болады.
- Өткізу кезеңдері
- Байқауға өтініш қабылдау www.mangystauzhastary.kz сайты арқылы 22 қазан және 11 қараша аралығында жүреді.
- 11 – 15 қараша аралығында техникалық іріктеу өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылар туралы ақпарат ұйымдастырушының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және сайтында жарияланады.
- Техникалық іріктеуден өткен қатысушыларға презентация-қорғау түріндегі ақтық сайыс пен үздік стартап жобаларды сараптау мақсатындағы Конкурсттық комиссия отырысының уақыты қосымша хабарланады.
- Жеңімпаздар елімізге танымал кәсіпкерлер мен IT саласының мамандарының қатысуымен өтетін TED форматындағы конференцияда белгілі болады және салтанатты түрде марапатталады.
- Ең үздік 3 қатысушыға, 1, 2 және 3 орын ретінде 150 000, 100 000 және 50 000 теңге көлемінде жүлде қоры бекітіледі және табысталады.
- Жобаларды бағалау критерийлері
- Қатысушылардың идеяларын / жобаларын бағалау критерийлері:
– идеяның өзектілігі, оның қажеттілігі мен пайдасы;
– идея креативтілігі және (немесе) жаңалығы және бірегейлігі;
– өңірде жүзеге асырылуы;
– идеяның дайындық деңгейі және сапасы (статистика, бизнес-жоспар, проблеманы зерделену деңгейі, осы жоба арқылы проблеманы шешу тетіктері, болжам, артықшылықтары мен кемшіліктері және т. б.).);
5.2. Қорытынды тур идеясын / жобасын бағалау критерийлері:
– идея\жобаның өзектілігі;
– бәсекелестік артықшылықтары;
– идеяны / жобаны пысықтау сапасы;
– жобаны қорғау деңгейі;
– жобаны іске асырылуы.
- Байланыс
- Байқау ұйымдастырушысының байланыс нөмірі мен электронды мекен – жайы:
8 (7292) 603312; mangystau_resurs@mail.ru