Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе инклюзивті қоғам және инклюзивті қала тақырыптарына арналған кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар инклюзия ұғымы, әр адамның қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуы және қалалық ортаның қолжетімділігі туралы пікір алмасты. Интерактивті тапсырмалар мен ашық пікірталастар арқылы өз ойларын ортаға салып, инклюзивті қоғам қалыптастыру жолдарын талқылады.
Іс-шараға инклюзия саласының сарапшылары Надежда Вадодария мен «Жарқын Damu» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алия Алимуханбетова спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың инклюзия туралы түсінігін кеңейту, әр адамның ерекшелігі мен қажеттілігін құрметтейтін, баршаға тең мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыруға үлес қосу.














