Елде құжат алу бағасы өсті

1 қаңтардан бастап елдегі айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге. Осыған байланысты құжат алынатын кезде төленетін мемлекеттік баж салығы да өсті.

Нақтыласақ, ҚР азаматына көлемі 24 беттік (16 жасқа дейінгі балалар үшін) паспорт бергені үшін мемлекеттік баж 4 АЕК, 48 бет (ересектер үшін) – 12 АЕК.

Қазақстан Республикасы азаматының бір жыл ішінде жеке куәлігін екі реттен көп жоғалтса 1 АЕК төлейді.

Қазақстан Республикасы азаматы паспорт (36 бет) үшін мемлекеттік баж салығы өзгеріссіз қалады – 8 АЕК (27 600 теңге – 2023 ж.);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру үшін алынатын мемлекеттік баж салығы да өзгеріссіз қалады –0,2 АЕК (2023 жылы 690 теңге).

Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі, екінші деңгейлі банктер арқылы немесе QR код пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

Exit mobile version