«Ел мүддесін ойламас бұрын, отбасыдағы мәселелерді шешіп алу керек»

Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында, азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Риза-Ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, компания қызметкерлері «Отбасы хрестоматиясы», «Бейсен және болмыс» еңбектерінің авторы Санжар Керімбаймен кездесті.

Шығыстанушы ұлт мүддесі, отбасы құндылығы мәселелерін терең қозғап, қоғамдағы өзекті проблемалардың шешімі туралы айтты.

– Ел мүддесін ойламас бұрын, отбасыдағы мәселелерді шешіп алу керек. Бала тәрбиесі бесік жырынан басталады. 5 жасқа дейін бала көргенін бойға сіңіреді. Тәрбие 13 жасқа дейін берілу керек. Одан кейін баланы жөндеуге тырысу – бекершілік. Тәрбиенің бастауы – дастархан басындағы дұрыс әңгіменің айтылуы. Сондай-ақ жыр мен хисса тыңдау – ұлттық құндылығымызды сақтап қалудың бірден бір жолы. Ұлттық эпос тыңдап өскен баладан мемлекетшіл азамат шығады-деді Санжар мырза.

 

Exit mobile version