Бүгін әлем халқы үшін Халықаралық волонтерлер күні

Әрдайым айналасына көмек көрсетуге бейім жандардың қоғам үшін алатын орны ерекше. Жылдың қай уақытында болмасын, топ болып барып орасан зор істерді атқарып жүрген еріктілердің ісі баршаға үлгі болып отыр.

Мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болған еріктілердің алда маңызы арта түседі. Себебі, олар әрдайым мейірім, ізгілік, парасат және өз істеріне деген жауапкершіліктің асқан зор үлгісін көрсетіп келеді. Сондықтан мұқтаж жандардың жайын күйттеп, қамқорлықтың тамаша ісімен талай рет тәнті етіп жүрген еріктілерге тек сәттілік тілейміз. Олардың ісі қашан да жастарға ғана емес, қоғамның әр мүшесіне үлгі. Шынайы сүйіспеншіліктің бейнесі арқылы сіздер алда талай істердің атқарылуына мұрындық боласыздар деген сенімдеміз!

Exit mobile version