Балалар әдебиетіне арналған «Айтұмар» байқауы басталды

фото ғаламтордан алынды

Қазақстан Жазушылар одағы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Айтұмар» Балалар әдебиетінің үздік туындыларының Республикалық байқауын ұйымдастыруда.

Байқауға шығармалар төмендегі үш жанр бойынша қабылданады:
– Проза;
– Поэзия;
– Драматургия.

Қатысушыларға арналған талаптар:
-14-35 жастағы ҚР аумағында тұратын кез-келген қаламгер қатыса алады;
– Әр қатысушы тек бір ғана аталым бойынша шығарма жолдауына болады;
– Шығармалар 6 қазаннан 3 Қарашаға дейін қабылданады.

Қатысушыларды іріктеу:
– Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны,шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс.
– Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).
– Келіп түскен шығармалар сараптама кезеңіне нөмірленіп ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес тек шығармаға баға береді.

Байқауға қатысушыларға ұсынылатын тақырыптар:
– Шытырман оқиға;
– Саяхат бағытындағы шығармалар;
– Қаһарман кейіпкердің бастан кешкендерін баяндайтын шығармалар;
– «Made in Kazakhstan»;
– «Әлемге не бере аламын?»;
– Баланың ойы мен қиялын ұштайтын туындылар;
– Әлем мойындаған отандастарымыз туралы шығармалар;
– Адамгершілікке, рухани дамуға бағыттайтын шығармалар;
– Өмірді сүюге құштарлығын арттыратын шығармалар,
– Фантастика;
– Ертегі жанрындағы шығармалар.

Қатысушы парағы толтырылған, «Айтұмар» байқауына» деген тақырып қойылған өтінімдер konkursaitumar2022@gmail.com электронды поштасында қабылданады.

Exit mobile version