Ақтаулық оқушы республикалық тарих олимпиадасының жүлдегері атанды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Арнат Құрманбай Сәрсен Аманжолов атындағы тарих олимпиадасының жеңімпазы атанды.

11 сынып оқушысы Арнат Құрманбай Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған республикалық олимпиадасына тарих пәнінен қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

– Бұл олимпиадаға қатысу мен үшін жаңа дағдылардың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Олимпиада тесттері жеңіл берілді әрі сәтті өтті. «Мәңгілік Ел» идеясының жаңартылуына қатысты ғылыми жобамның таныстырылымы барысында әділқазы алқаларының көңілінен шықтым. Бұл олимпиадаға ұзақ уақыт дайындалдым. Уақытымның басым бөлігі олимпиада тесттері мен ғылыми жобаның дайындығына кетті.

Ұқсас жазбалар: Ақтаулық оқушы Гонконгтың үздік университеттерінен шақырту алды

Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығы мен тынбай еңбектенгенінің арқасында жетістікке жеткен Арнат, болашағын тарихпен байланыстырғысы келеді:
– Қазақстан тарихы пәніне деген сүйіспеншілік 6-сыныптан басталғанымен, 7-сыныпта бұл пән менің болашақ мамандығыма зор әсері бар екенін түсініп, тереңірек оқып, зерттеуді ұйғардым.

Олимпиадаларға дайындық жасау барысында Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері үлкен көмек бергені үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл мен бағындырған белес – алдағы уақытта жаңа жетістіктермен толысатынына толықтай сенімдімін,-дейді жеңімпаз оқушы Арнат Құрманбай
Олимпиадаға дайындаған жетекшілері Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімдері Шолпан Саменова, Мәрзия Жеткізгенова, Армат Дүйсалиев.

Exit mobile version