Ақтаулық оқушы халықаралық қытай-американ университетінің грантын иеленді

Ақтаудағы №13 гимназияның 11-сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Диляра Сапар Шанхайдағы Нью-Йорк университеті – Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университетінің грантына ие болды.

Нью-Йорк университеті беделді Times Higher Education University Rankings әлем бойынша 30-шы орынды алған ең мықты университет екені белгілі. Бұл жоғары оқу орнында 19 түрлі мамандық бар. Ал Диляра Сапар бизнес және экономика саласын таңдап отыр.

Грант соммасы 208.000 доллар оқу шығынын жабады. Университетке биыл 50.000-ға жуық түлек тапсырса, бакалавриатқа тек 1400 студентті қабылдайды.

Олардың жартысы Қытайдан, ал қалғандары Америка Құрама Штаттарынан және 70-ке жуық басқа елдерден келеді.

Exit mobile version