Ақтаулық оқушы Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпазы атанды

16-25 шілде аралығында Швейцарияда International Chemistry Olympiad – 2023 байқауы өтті. Білім бәйгесінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы оқу жылының түлегі Альмира Нурланова бақ сынап, күміс жүлде иегері атанды.

Еске салайық, Альмира былтыр да Халықаралық химия олимпиадасының (ICho) күміс жүлде иегері атанған. Соның нәтижесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 3,1 миллион теңгеге сертификат табысталды.

Жас түлек АҚШ-тағы Массачучетс технологиялық университетінде оқуға мүмкіндік алды. QS рейтингінде көш бастап тұрған MIT әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі.

Халықаралық химия олимпиадасына 90-ға жуық ел мен аймақтардан келген 900-ден астам қатысушы, тәлімгерлер мен еріктілер қатысты.

Exit mobile version