Четверг, 16 апреля, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтауда жас наубайшы бір күнде 70-ке жуық нан пісіреді

16/10/2024
Айдары: Жаңалықтар
0
Ақтауда жас наубайшы бір күнде 70-ке жуық нан пісіреді
592
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Ерте жастан еңбекке бейім болған он жеті жастағы Жарболсын Хайрулла қазір көпке ас атасы нанды ұсынып, жергілікті халықтың ықыласына бөленіп жүр. Бүгін, 16 қазан – халықаралық нан күні қарсаңында наубайшы Жарболсынмен танысып, мамандығына деген махаббаттан туған өнімдерге куә болдық. 

Жарболсын Хайрулла 2006 жылы Ақтау қаласында туып, өскен. Он үш жасынан бастап ізденіске құштар, еңбек етуге ынтасы зор болған. Содан бері бір орында тұрақтамай, алға ұмтылудан тайынған емес. Оның айтуынша, жетістіктің басты кілті – еңбек пен ізденіс, жақсыдан үйренуден жалықпау. Осылайша, ол ағасының қасында даяшылықтан бастап, аспаздыққа дейін жұмыс істеген. Өмірлік жолды, мамандықты таңдауға да аға кәсібі себеп болған. Қазіргі таңда «Кондитерлік ісі» мамандығы бойынша Маңғыстау туризм колледжінде 3-курста білім алып жүр. Негізгі қалауы аспаз болу еді, дегенмен тәтті кондитерлік тағамдарды әзірлеу де аспаздықтың бір бағыты екенін тілге тиек етті.

Ал наубайшы болу оның ойына тіпті кіріп те шықпаған.

«Қаламызда жақында ашылған «Koktem» кафесінен наубайшы болуға ұсыныс түсті. Алайда, нан пісіруді білмейтін едім. Осы орайда кәсіп иесі нан пісірудің қыр-сырын үйрету үшін арнайы оқытатынын айтқанда, ойланбастан ұсынысты қабыл алдым. Жұмысқа орналасқаннан кейін 1 ай Астана қаласында дәріс алып, нан пісіруді үйрендім. Соның нәтижесінде қазір халыққа түрлі нанды ұсынып отырмыз. Әрине, алғашқы кезеңдерде түрлі қорқыныштар, нанның дәмі мен құрылымын келістіре алмаған сәттер де болды. Десе де әріптестерімнің, ата-ана, достарымның қолдауымен, өзімнің «жаңа істі меңгеріп, шыңына жетемін» деген ниетімнен бәрі өз нәтижесін беруде», — деді Жарболсын Хайрулла.

Бүгінде жас наубайшы күніне 70-ке жуық түрлі нан пісіреді. Соның ішінде 6 түрлі нан, атап айтқанда катин нан, багет, сарымсақ қосылған нан, қара бидай наны, фокачча және чиабатта тұрғындар арасында сұранысқа ие.

«Тұтынушылармен жиі кері байланыс орнатуға тырысамын. Олар біздің нанды жегеннен кейін дүкеннен нан сатып алуға асықпайды екен. Яғни, дүкенде сатылатын нанның ашытқысы көп, қоспалар қосылатын болғандықтан тығыз болады, ұзақ қортылады. Мұны тұрақты клиенттер де байқап, наубайханадан жиі нан алуға тырысады. Себебі біздің нанның құрамы жеңіл, тез қорытылады», — деді наубайшы.

Сонымен қатар ол аспаздық ерекше қабілетті, таза ниет пен креативті талап ететінін жасырмады. Оның айтуынша, аспаз қатып қалған рецепт бойынша ғана ас дайындамайды, оның жан-дүниесі, ішкі күйі, ниеті тағамның дәмді әрі сапалы шығуына әсер етеді. Кейіпкеріміз Жарболсынның алдағы мақсаты – білім жолын жалғастырып, тәжірибесі мен біліктілігін арттыру, өзін жан жақты дамыту.

«Маңғыстау жастары» жас наубайшыға сәттілік тілейді!

 

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist