Ақтауда «Теннис орталығында» қыздар мен ерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге спорттық ойындардың жеңімпаздары қатысты.
Нәтижесінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі 1-орын алып, үздік атанды. 2-орынды Yessenov University алса, 3-орынды Каспий өңірі Болашақ колледжі еншіледі.
Айта кетейік, турнир Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау студенттер Альянсы» ҚК ұйымдастыруымен өтті.
Аталған іс-шараға қолдау көрсеткен «BroDobro» ұжымына өз алғысымызды білдіреміз.
Алдағы “Студенттік күз – 2024” фестивалі аясында мәдени шаралар өтеді.