Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өңірімізде алғаш рет маңғыстаулық стэндаперлердің қатысуымен «Stand Up Mangystau» кеші өтті.
Аталған кеште «Stand Up Aktau» стэндаперлер клубы мен «Ашық микрафон» жобасы аясында іріктелген резиденттер қатысты.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласынан жайдарман ойындары бойынша 2019 жылғы «Жоғары лига» чемпионы, «Фемида» жайдарман тобының ойыншысы Есмырзаев Азамат қонақ ретінде өнер көрсетті.