Ақтауда оқу орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған өңірдегі жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты Ақтау студенттер Альянсының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараны «Жастармен бірге» ұлттық онкүндігі аясында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және Маңғыстау облыстық білім басқармасының қолдауымен Ақтау студенттер Альянсының ұйымдастырды.
Негізгі мақсат – өңір түлектеріне ыңғайлы алаң құру, ақпарат алмасып, кеңес алуына мүмкіндік беру. Өңірдегі оқу орындарының ерекшелігімен танысу.
Жәрмеңкеге теңіз жағалауында жүрген ата-ана, мектеп оқушылары, түлектердің туыстары келіп, қызығушылық танытып, арнайы ақпаратпен алды.
– Амфитеатр алаңында жәрмеңке болып жатқанын естіп, келдік. Барлық оқу орнын бір алаңға жинап, қолжетімді әрі ыңғайлы орта құрғаны түлектер үшін пайдалы болды. Енді тек талдап, таңдау жасау ғана қалды. Мұндай форматтағы шара бұрын-соңды өңірімізде болмаған сияқты, – деді мектеп оқушылары.
Сонымен қатар шара барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай мен «Ақтау студенттен Альянсы» КҚ көшбасшысы Мейірбек Амангелдиев аймақ жастарына жасалып жатқан мүмкіндіктерді тілге тиек етіп, облыс тұрғындарын белсенді болуға шақырды.
Айта кетейік, биыл «Student life» жобасы жалғасады, сонымен қатар 10 күн ішінде Жастар күні ерекше аталып өтеді.