Ақтауда нысаналы грантпен ЖОО түсуге құжат қабылданып жатыр

Ақтауда 28 шағынаудан М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте талапкерлерден нысаналы грантпен ЖОО-на түсуге құжаттар қабылданып жатыр. Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Сырымқызы мәлімдеді.

Нысаналы грантқа елдегі 42 ЖОО келген. Бөлінген грант саны – 1500 (педагогика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, құрылыс, математика және статистика, металл өңдеу мамандықтарына).

Құжаттар тізімі:
🔻 негізгі орта/жалпы орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы
🔻 3х4 көлеміндегі фото- 6 дана
🔻 N075-У формалы медициналық анықтама флюросуретімен
🔻 №063 нысанының көшірмесі (егу картасы)
🔻 Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)
🔻 Құжаттарды порталға тіркеу ЭЦП кілті арқылы жүргізіледі

Құжат сағат 09.00-12.30 және 14.00-18.00 аралығында қабылданады. Сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істейді.

Exit mobile version