Среда, 29 апреля, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жобалар Jastar Books

Ақтауда алғаш рет кітап оқырмандары басқосты

03/06/2023
Айдары: Jastar Books, Жаңалықтар
0
Ақтауда алғаш рет кітап оқырмандары басқосты
591
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Jastar books» жобасына «Kitapal» компаниясының HR директоры, «Лайфхактар», «Не үшін үйлену керек?», «Қаржы қағидалары» кітаптарының авторы, жазушы Данияр Жігітбек пен жылдам оқу маманы, ментор, кәсіпкер Арай Рақмет арнайы келді.

Кездесуде кітап оқудың маңыздылығы, жылдам оқудың тиімділігі мен техникалары сөз болды. Бұдан бөлек кез келген нәрседен мән іздеудің энергия мен мотивацияға әсері, жетістікке жетуді жеңілдететін амалдар жөнінде тұщымды пікір айтылды.

Минутына 30 000 сөз оқитын Арай Рақметтің айтуынша, жылдам оқу — түсінік айту, ал түсінік айту — жылдам оқу.

— Адам қаншалықты жылдам оқыса, соншалықты түсінеді. Мидың деңгейі минутына 150 сөз оқуға дейін жетеді. Жалпы 18 жастан асқан адамдар минутына 500 сөз оқыса, онда дамыған адамның миы деп айтуға болады. Жылдам оқу методикаларын ми арқылы оқитын болсаңыздар мәселе болмайды, — дейді Арай Рақмет.

Сондай-ақ ол жылдам оқуға кедергілерді атап өтті.

— Жылдам оқуда 5 кедергі бар. Біріншісі — нақты мақсаттың жоқтығы. Демек оқырман кітапты ұстаған сайын мақсат қоя білуі керек. Егер мақсат нақтыланбаса, жылдам оқу болмайды. Екінші кедергі — артикуляция. Артикуляция арқылы, яғни дауыстап оқитын болсақ, онда ми ұйықтап жатады. Сондықтан артикуляцияны қолданбау қажет. Үшіншісі — регрессия, бір бетті қайта-қайта оқу. Бұл әрекетті жиі қайталайтын адамның ми деңгейі өте төменгі дәрежеде жұмыс жасайды», — дейді жылдам оқу маманы Арай Рақмет.

Ал төртінші кедергі — көздің көру аймағының жоқтығы. Кедергіден арылу үшін көзге арнайы жаттығу жасауға кеңес берді. Бесінші кедергі — фокус, яғни зейін.

Сонымен қатар маман арнайы жаттығуларды, лайфхактарды айтты. Содан соң кітап оқытуда балалармен дұрыс жұмыс істеудің методикаларын түсіндірді.

Ал Данияр Жігітбек адамды алға жетелейтін ресурстар жайлы сөз қозғады. Ол өмірді жеңілдетіп, уақыт пен энергияның тиімді жұмсалуында миссияның рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондықтан бір істі бастамас бұрын ең алдымен өзіңе «Не үшін?» деген сұрақ қойып, мән тауып алу қажет екендігін ескертті.

— Энергияның болуына да бір нәрседен мән көру қатты әсер етеді. Қоғамда қалауы бар, бірақ энергиясы жетпейтін бір топ бар. Тағы бір топ — қалау үшін де энергиясы жоқтар. Қазір біздегі мәселе — осы, миссиясы жоқ жастар көп. Ал миссиясы бар адам өмірде артық іспен айналыспайды», — дейді Данияр Жігітбек.

Адам өз миссиясын «Егер мен болмасам, бұл әлемде не болмайтын еді» деген сұрақпен анықтай алатынын тілге тиек етті. Нақтыласақ, миссия — ешқашан бітпейтін, бірақ күнде жететін мақсат. Ол үшін энергия менеджменті аса қажет.

Данияр Жігітбектің айтуынша, энергия босқа сарқылмас үшін тесіктерді бітеп, тиімді жұмсау қажет. Сонда ғана өмірлік миссияға жету жеңілдейді, мотивация пайда болады. Ал мотивация алудың үш жолы бар.

— Мотивация — процесс пен нәтиженің байланысы. Екіншіден, адам өзіндегі прогресті көру арқылы шабыттанады. Сол сияқты айналадан мүмкіндікті көру де мотивация сыйлайды. Яғни, мотивация — энергияның қайнар көзі. Тиімді жұмсалған энергия ғана, қайта жарамды энергияға алмасады. Бұл бірімен-бірі байланысқан тоқтаусыз жүйе», — дейді Данияр Жігітбек.

Кездесуге келген жастар да белсенділік танытты. Олар оқырмандар клубының жұмысын жетілдіру, қазіргі заман жазушыларының жетіспейтінін, мұғалімдердің оқушымен жұмыс істеудегі қателігі және оқушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту сынды толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Ең үздік сұрақ қойған оқырманға «Руханият» және «Kitapаlike» кітап дүкенінің 5000 теңгелік сертификаты берілді.

Айта кетейік, «Jastar books» жобасының негізгі мақсаты — кәсіби шыңдалған, еңбек жолында жетістікке жеткен тәжірибелі оқырман мен жастардың арасында сабақтастық орнату, өзара тәжірибе алмасу. Алдағы уақытта жоба өз жалғасын табады.

Жұлдызай Қалиева

 

1 of 14
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Ар мен адалдық: жастарға айтылған аманат

Ар мен адалдық: жастарға айтылған аманат

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Ар мен адалдық: жастарға айтылған аманат

Ар мен адалдық: жастарға айтылған аманат

25/04/2026
Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

24/04/2026
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist