Ақтауда аймақтық және отандық суретшілердің көрмесі ашылды

Ақтау қалалық суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Жеті түс» бейнелеу өнерін дамыту жобасы аясында аймақтық және отандық суретшілердің «Күз лебі» вернисажы ашылды.

Вернисажға Әлішер Жүргенов, Бейбіт Атамқұл, Тынышбек Балтабаев, Аймұрат Таңатов және өңірдегі жас суретшілердің туындылары қойылды.

Көрмені Ақтау қаласындағы «Өнер» арт-галереясында 5 қазанға дейін тамашалауға болады.

Exit mobile version