Ақтауда 11 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанға бір реттік қаржылай көмек беріледі

фото ғаламтордан алынды

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі 11 мың 77 адамға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.

15 мың 900 теңге көлеміндегі біржолғы көмек I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Мамандардың айтуынша, бұл қаражат әр түрлі банк және қазпошта счеттары арқылы түседі. Ал бүгіннен бастап оларды базаға тіркеу жұмыстары басталмақ.

– Осы аптаның дүйсенбісінде базаға тіркеу және тексеру жұмыстары жүргізіледі. Өйткені қайтыс болған, көшіп кеткен және көшіп келген адамдар болуы мүмкін. Төлем барлығына әр түрлі банк счеттары мен қазпошта арқылы түсірілетін болады, дейді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алия Тоғызбаева.

Айта кетейік, бұл атаулы бір реттік әлеуметтік көмек қазан айының екінші жексенбісі мүгедектігі бар жандар күніне орай берілмек.

Exit mobile version