Ақтау жастары майдангердің шаңырағында болды

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілер соғыс ардагері, марқұм майдангер Мутигулла Давлетбаевтың шаңырағына барды.

Майдангерге тағзым ете келген қонақтар оның немересі Дамир Давлетбаевпен ғибратты сұхбат құрды.

Өз кезегінде жастар орталығынан барған топ ардагердің құрметі үшін арнайы сый-сыяпаттарын табыстады. соғыс ардагерінің немересі жүрекжарды лебізін жеткізіп, атасының есімін ардақ тұтатынын жеткізді.

Митигулла Давлетбаев 1926 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген. Ол майданнан кейін ғибратты ғұмыр кешті. Соғыс куәгері Ақтау қаласында 2009 жылдың сәуір айында бақиға аттанған.

Exit mobile version