Ақтау тұрғындары тегін кеңес алды

Кеше 15 шағынаудан теңіз жағалауында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көшпелі «Кеңес алаңы» өтті.

 

Кеңес алаңында Ақтау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Маңғыстау облысы «Отбасы банкі», №1 Ақтау қалалық емханасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары тегін кеңес берді.

Қала тұрғындары мен қонақтары көбінесе «Отбасы банкі», Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлеріне сауал жолдады. Сонымен қатар кеңес алаңына келген жастарды кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер мен қолдаулар туралы ақпараттар қызықтырды. Олар көбіне 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие мен «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша кеңес алды.

 

Алдағы уақытта көшпелі кеңес беру шарасы өз жалғасын табады.

Ұқсас жазбалар: Теңіз жағалауында көшпелі кеңес беру шарасы өтеді

Exit mobile version