Альмира Нурланова Халықаралық химия олимпиадасына (ICho) қатысады

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Альмира Нурланова Швейцарияда өтетін International Chemistry Olympiad 2023 байқауында бақ сынайды.

Альмира былтыр Халықаралық химия олимпиадасының (ICho) нәтижесінде күміс жүлде иегері атанған. Осыған орай Оқу-ағарту министрі олимпиада жеңімпаздарымен кездесіп, 3,1 миллион теңге сертификатпен марапаттаған еді.

Айта кетейік, жас түлек АҚШ-тағы Массачучетс технологиялық университетіне оқуға мүмкіндік алды. QS рейтингінің көшін бастап тұрған MIT әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі.

Халықаралық химия олимпиадасы 16-25 шілде аралығында Швейцарияда өтеді. Оған 90-ға жуық ел мен аймақтардан 900-ден астам қатысушы, тәлімгерлер мен еріктілер қатысады деп күтілуде.

Exit mobile version