Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығында ерекше кездесу өтті.
«Адал азамат» қағидаты аясында жастар Кинология қызметінің топ бастығы, сержант Еркебұлан Жолдасов және взвод сержанты, кіші сержант Мақсат Абаймен жүздесті.
Кездесу барысында арнайы жасақ мамандары өз қызметтерінің ерекшеліктері, кинолог мамандығының қыр-сыры және қызметтік иттерді даярлау үдерісі туралы айтып берді. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мұндай тағылымды кездесулер жас буынның патриоттық рухын арттырып, құқық қорғау саласына деген қызығушылығын нығайта түседі.
#АдалАзамат #Жастар #Кездесу #Маңғыстау #Кинология
