Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы №16 мектептің 10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру және медицина саласына қызығушылығын арттыру мақсатында Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия Ақтау қаласы, 34А шағын аудан, 5/1 ғимарат мекенжайында орналасқан жедел жәрдем станциясында өтті.
Экскурсия барысында оқушылар жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, медицина мамандарының күнделікті кәсіби қызметі туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, жедел жәрдем көліктеріндегі арнайы медициналық жабдықтармен танысып, сала мамандарының жауапты қызметі мен медицина саласының ерекшеліктері туралы пайдалы мәліметтер алды.
Іс-шараға №16 мектептің 10-сынып оқушылары және оларды сүйемелдеушілер — @sh16_salamatmukashev және @proforientolog_banu қатысты.
Кездесу оқушыларға медицина саласының қыр-сырын жақынырақ танып, болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт-бағдар беруге мүмкіндік берді.










