«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары Ақтау қаласына іргелес Ақжелкен тұрғын алабы аумағындағы теңіз жағалауында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараға 40-қа жуық адам қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар жағалаудағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтың тазалығына үлес қосты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Орталық басшысының орынбасары Меруерт Құрманғазықызы акцияға қатысты пікір білдіріп, оның маңызы туралы айтты.
«Біздің басты мақсатымыз – жастарды туған жердің табиғатын қорғауға, айналаны таза ұстауға шақыру. Мұндай іс-шаралар тек тазалық үшін ғана емес, экологиялық жауапкершілік пен ұжымдық бірлікті арттыруға да ықпал етеді. Алдағы уақытта да табиғатты аялауға бағытталған жобаларды тұрақты түрде жалғастырамыз», — деді ол.















