Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 7 шағынаудан «Мәңгілік алау» және «МИГ-21 ұшағы» монументі жаңартылып жатыр.
Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алау» монументі сырланып, жаңадан плиталар орнату жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіштің вандалдардан бүлінген жері қалпына келтіріледі.
-Қала аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 7 шағынаудандағы Жеңіс алаңының барлық периметрі бойынша орналасқан балясиналар қалпына келтірілетін болады. Алаңдағы 30-ға жуық жарық бағыналары сырланып, шамдары ауыстырылады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындарынан қоршаған ортаға құрметпен қарап, қала мүлкіне зиян келтірмеуді сұрайды, – деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.