Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібереді.
Ақтаудағы үкіметтік емес бірнеше ұйымдар аталған қайырымдылық шарасына көмек қолын созды.
Оның ішінде су тасқынына бөгет қоюға қажетті 10 мың астам қапшық, қолғап секілді аса қежетті заттарды жүк көлігімен бүгін Бейнеуге жіберу көзделген.
Бұл іске қоғамның белсенді азаматтары да үлес қосып отыр. Сондай-ақ, тұрғындардан жиналған төсен-орын жабықтабы мен киім кешектер Құлсары тұрғындарына табысталатын болады.
Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде төменде көрсетілген заттарды әкеліп табыстауыңызға болады:
* Төсек жабдықтары
* Гигиеналық заттар
* Азық-түлік (мерзімі өтпеген)
Қосымша сұрақтар үшін +7 778 253 9405 нөмірі арқылы Нұрасыл Нұрбергенұлына хабарласу қажет.