Маңғыстау облысының кадрлық комиссиясы Маңғыстау облысының өңірлік резервіне іріктеу бастады.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылып отыр.
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан кем емес;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі.
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Құжаттарды қабылдауды ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылдың 1-31 наурыз аралығында өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады.
Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады:
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 14/1 Б-2 ғимарат (облыстық мәслихат ғимараты), 1-ші қабат, 105 кабинет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасы.
Электрондық мекен-жай: mangystau@onir.pkrezerv.gov.kz.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram – @mangystau.onir.rezerv.kz, @elgeqyzmet.mangystau, Facebook – «Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті») және келесі телефондар арқылы: 8/7292/ 30-36-43, 30-36-44 алуға болады.