«Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен 2024 жылға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жариялап отыр.
Конкурсқа қатысушылар отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мақсаттарға қол жеткізу салаларындағы жобаларын ұсына алады.
Бұл конкурсқа 60 миллион теңгеге 6 грант ұсынылып отыр. Оператор өтінімдерді 7-27 ақпан аралығында (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды. Толық мәліметпен cisc.kz сайтынан танысуға болады.