Ақтауда 11-13 желтоқсан күндері өңір жастарына арналған қаржылық сауат және кәсіпкерлік бойынша тегін оқыту курс өтті. Курсқа студенттер, жұмыссыз жастар мен шағын бизнес иелері қатысты.
Оқыту барысында лектор, ментор, коуч Ерік Шыныбеков қаржылай мақсат, отбасы бюджеті, инвестиция, қаржылай әдеттер жайлы айтты.
Оның айтуынша, қаржылық сауат – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Сондықтан қаржылық сауатты меңгеру кез келген жас үшін өте маңызды. Осы орайда курсқа қатысушы жастар тапқан табыстың құнын түсіну, оны орнымен жұмсау, жинау, әрі қарай көбейтудің жолымен танысты.
Сонымен қатар оқытуда бизнес жоспар құру, кәсіп бастау қағидаты жөнінде де ақпараттар айтылды.