Маңғыстау облыстық полиция департаменті, ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Әділбек Сырғалиев 1-орын алды.
Әділбек Сырғалиевтің айтуынша, байқау тартысты өтті. Сынға түскен жігіттер «Сен тұр, мен атайынның қатарынан» дейді. Бірақ ол өзіне сенімді болғанын жеткізді.
– Қатысушының барлығы «Жігіт сұлтаны» болуға лайықты. Сегіз қырлы, бір сырлы. Сайыста ұпайым басқа қатысушылармен теңескенімен, гір тасын көтеруде алға оздым. Соның нәтижесінде бас жүлдені алдым. Маған сенім артқан әріптестерім мен отбасымның үмітін ақтадым. Қуаныштымын! – деді Әділбек Сырғалиев.
Әділбек 2012 жылдан бастап Ішкі істер саласында еңбек етеді. Жалпы Ішкі істер саласының, оның ішінде Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауапкершілігі зор. Ел тыныштығы үшін жанын беруге даяр, үнемі өмір мен өлімнің ортасында жүрген маман жігіттерді батыл әрі білімді болуға шақырды.
Ал 2-орынға Жайсаң бала № 2 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекнұр Аминов ие болды. Жас маман бос уақытында домбыра, гитара тартып, ән шығарып, өлең айтқанды ұнатады. Әрі ол өз замандастарына жан жақты болуы керек екенін жеткізді.
3-орынды «ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қ.)» ММ Бейнеу ауданы № 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бақытжан Елубай қанжығасына байлады.
Бақытжан Елубай «Tanylike» кезеңінде жауапкершілікті ерекше сезінген. Айтуынша, өзін жан жақты таныстырып, мамандығының маңызын көпке жеткізуде қобалжу басым болған.