Республикалық деңгейдегі тренер, қаржыгер, есепші Гүлнұр Нұрланқызы 30-31 қазан күндері Маңғыстау жастарымен бірнеше кездесу өткізіп, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістер бермек.
Аталған кездесулер 30-31 қазан күндері Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында өтеді деп жоспарланып отыр. Спикер жастардың қаржылық сауаттылығы, табыс таба білу және қаржыны жұмсай білу мәдениеті, жеке кәсіпкерлікті бастау, оны дамыту және өзге де тақырыптарда ой өрбітпек.
Кездесулер сериясы атап айтқанда: Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен қалалық «Оқушылар шығармашылық үйі» ғимаратында, сағат 10:00-де; Ақтау қаласында Н.Жантөрин атындағы драма театрының кіші залында, сағат 16:00-де; Мұнайлы ауданында Мұнайлы аудандық Мәдениет үйі ғимаратында, сағат 10:00-де өтеді.
Іс-шара Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде, «Жастар керуені» жобасы аясында жүзеге асқалы отыр.