Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result

Басты бет Жаңалықтар

«Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

26/09/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
«Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды
593
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бүгін Ақтау қаласындағы «Tree of Life» демалыс базасында «Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды. Лагерьге Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан келген 70 жас жиналды.

Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан лагердің мақсаты — жастар саясатын іске асыру, үздік тәжірибелермен алмасу, жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесу. Сонымен қатар Батыс өңіріндегі көшбасшы жастардың басын біріктіру.

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан лагердің ашылу салтанатында облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлмира Баянқызы сөз сөйлеп, алдағы үш күнді қызықты өткізуге сәттілік тіледі.

— Биыл батыс өңіріндегі жастардың басын біріктіріп, бір толқында болуды жөн көрдік. Осы уақытқа дейін тек өңір жастары арасында өткізілетін жастар лагері біз үшін жаңа деңгейге шығып жатыр. Біздің мақсат — жастардың ынтымағын арттыра отырып, ортақ идея мен мақсатты орындау, нәтижеге жету. Іске асып жатқан жобаларды таныстырып, қолдау көрсету. Алдағы үш күнде ұмытылмас естеліктер мен сапалы білім, тәжірибе аласыздар, — деді Г. Баянқызы.

Жалпы лагерь аясында жеке және кәсіби құзыреттерді дамыту бағытындағы тренингтік оқыту, жастарға арналған trend-сессиялар, тимбилдинг, нетворкинг болады. Бұдан бөлек психологиялық және логикалық тапсырмалары бар квест ұйымдастырылып, «Stand Up Aktau» әзілкештер клубының концертін тамашалайды. «BasTime» командалық зияткерлік ойыны және «Маңғыстау жұлдыздары» кеші де өткізіледі.

Лагердің алғашқы күнінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашық әңгіме алаңында жастармен бірге болды. Сұрақтарына жауап беріп, еркін сұхбаттасты. Сондай-ақ Ескендір Бестай «Бизнес модель» тақырыбында семинар тренинг өткізсе, Саят Ибраимов «Мақсат және миссия» бойынша білім берді.
Еске салайық, жастар лагері 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Фото авторы: Асхат МЕКЕ

1 of 33
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist