Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқаудың мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы практикасын қалыптастыру.
Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: үздік видеоролик және үздік плакат. Байқауға жұмыстарды қабылдаудың басталуы – 01.05.2023, аяқталуы – 01.10.2023.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жоспарлануда. Жеңімпаздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.