Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқан салды.
Сұңғат қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты.
Жарыста Сұңғат Жұбатқан мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошылардан басым түсті. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол берді.
Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.