2023 жылғы Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім беріңіз!
Қатысу шарттары:
- Форумға әр облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан 4 белсенді волонтер қатыса алады;
- Форум Астана қаласында 20-21 маусымда өтеді.
Өтінімдерді жинау мерзімі: 2023 жылдың 5 мамырдан 15 мамырға дейін
Өтінімді толтыру үшін QR-кодын сканерлеуге немесе сілтемеге өтуге болады.
Форумға қатысуға арналған конкурсты ұйымдастырушылар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі жобасын іске асырушы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ болып табылады.
Толығырақ: qazvolunteer.kz