Бұл туралы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Министрдің сөзінше, енді ректорларды тағайындауда студенттердің де дауысы ескеріледі.
«Біз өмір бақи отырып қалатын ректорлар моделінен кетеміз. Ректордың 3 жылдағы міндеттемелері анықталады. Ректорлыққа келетін талапкерлер арнайы кадрлық резервтен өтуі керек. Арнайы оқу керек. Сондай-ақ, ректорларды тағайындайтын комиссия жұмысын өзгертеміз. Бізде мемлекеттік жоғары оқу орындары азайып келе жатыр. Біз бөлмейміз. Негізгі білім сапасын көтеретін ректорлар. Оның энергиясына, жауапкерлішігі мен тазалығына қатысты», – деді министр.
Айта өтейік, елімізде 119 жоғары оқу орны бар.