Аргентинаның Орталық банкі Лионель Мессидің суреті бейнеленген естелік банкнот шығаруы мүмкін.
Мессидің бейнесі 1 000 песолық купюраға (шамамен 2 700 теңге) салынбақ.
Аргентина банкі бұл купюраны бекер таңдаған жоқ. Банкноттың номиналы 10 санынан басталады, бұл Мессидің ұлттық құрамадағы нөміріне сәйкес келеді.
Қағаз ақшаның екінші бетінде Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалонидің лақап аты – La Scaloneta жазуы болады.