Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Байқауға 12-17 жас аралығындағы 11 жасөспірім қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды Альбина Берікқызы, 2-орынды Алиби Самрадұлы иеленді.
Ал байқаудың жеңімпазы, яғни 1-орынды Інжу Нұрланқызы алды. Оның суреттері қаланың баннерлеріне ілінеді.
Жеңімпаздарды Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақов марапаттады.
Қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.