100 жас маман ораторлық шеберлігін шыңдады

Әлия Исаева

Маңғыстау облысында жас мамандарға арналған оқыту өтті. Оған өңірдегі қала мен ауданнан келген 100 мұғалім қатысты. Оқытудың үшінші күні қатысушылар ораторлық шеберлік бойынша білімін шыңдады. Оқытуды Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының режиссері, «JasART» жастар театрының директоры, ораторлық, актерлік курсының тәлімгері Әлия Исаева жүргізді.

Ораторлық шеберлікті меңгеру мұғалім үшін өте маңызды. Себебі оқушының назарын білімге аудару үшін, көпшілік алдында еркін сөйлеп, ойын нақтылауға сөзбен қатар дауыстың ырғағы, тембрі, интонация мен екпінді дұрыс қоюы керек. Осы орайда тренер Әлия Исаева мамандарға теориялық білім беріп, оны практика жүзінде қолдануды үйретті.

Айта кетейік, аталған оқыту «Жас маман» жобасы аясында ұйымдастырылып жатыр. Жобаның мақсаты – білікті педагог мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу, жас мамандарды басқарудың заманауи технологияларына оқыту. Басшы лауазымына орналасу талаптарына сәйкес келетін қажетті кәсіби құзыреттілігі, жеке-іскерлік қасиеттері және шығармашылық әлеуеті бар мамандардың резервін қалыптастыру.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Exit mobile version