Қарақия ауданының «Ұстаздар» командасы облыстық «Жайдарман» чемпионы атанды

Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Маңғыстау Жайдарман филиалы және «Боранқұл» Жайдарман қоғамдық қоры ұйымдастырған 2025 жылғы облыстық «Жайдарман» чемпионаты аяқталды. Биылғы маусымның финалында Қарақия ауданынан құрылған «Ұстаздар» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Жыл бойғы чемпионатқа 14 команда қатысып, өзара шеберлік байқасты. Соның ішінде «Ұстаздар» тобының жоғары лигада жеңімпаз атануы – өңір тарихындағы ерекше оқиға. Себебі Маңғыстауда алғаш рет мұғалімдерден құралған команда Жайдарман жарысына қатысып, үздік нәтиже көрсетіп отыр.

Финал нәтижесі бойынша жеңімпаз командаға 350 000 теңге көлемінде сыйақы табысталса, ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды. Ал топтың ерекше ойын өрнегін көрсеткен мүшесі Ербол Кенкараев «Үздік ойыншы» атанды.

Exit mobile version