Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес

Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан құрылады және өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүзеге асырады.

Кеңестің міндеттері:

  1. Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
    1. Мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін іске асыру тиімділігін талдау;
    1. Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау болып табылады.

Кеңестің функциялары

Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарайды және талқылайды;
  2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жұмылдырады;
  3. Мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсетеді;
  4. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды

Welcome Back!

Login to your account below

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Add New Playlist