Жыл соңына дейін 28 000 адамның несиесі толық кешірілетін болды

2022 жылдың 1 қазанына микроқаржы ұйымдары 285,5 мың қарыз алушыға қатысты проблемалық берешекті төмендеткен.

Бұл жөнінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

«Агенттік жыл басында кепілсіз онлайн микрокредит беру сегментіндегі 30 микроқаржы ұйымынан азаматтардың проблемалық микрокредиттерін төмендету жөніндегі жеке жоспарларын талап етті. Ұсынылған жеке жоспарлар аясында 2022 жылдың соңына дейін микроқаржы ұйымдары 33,1 млрд теңге сомасына 432 мың қарыз алушының проблемалық берешегін қайта құрылымдауды, 0,8 млрд теңге сомасына 107 мың қарыз алушыны ішінара кешіру және 0,6 млрд теңге сомасына 28 мың қарыз алушыны толық кешіру жоспарлаған», — делінген агенттік төрағасы орынбасарының жауабында.

Нұрлан Әбдірахмановтың дерегінше, 2022 жылдың 1 қазанына микроқаржы ұйымдары 285,5 мың қарыз алушыға қатысты проблемалық берешекті төмендеткен.

Exit mobile version