Жұмыссыз жастар SMM және мобилографияны меңгерді

11-12 желтоқсан күндері Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен SMM және мобилографиядан тегін оқыту курсы өтті. Курсқа жұмыссыз жастар, декреттегі аналар мен студенттер қатысты. Олар маркетолог, мобилограф Жұмабай Жарасбектен білім алды.

Оқыту барысында SMM маманы кім және міндеті қандай, оның жауапкершілігі жөнінде ақпараттар айтылды. Содан соң аудиториямен байланыс, әлеуметтік желідегі белсенділіктің арттыруда қажетті лайфхактар сөз болды.

Қатысушылар тек мұнымен шектелмей, мобилографияның қыр-сырын меңгерді. Видео түсірудің ережелері түсіндіріліп, кадр алу, оны монтаждауда ескерілетін қағидалармен танысты. Оқыту барысында жастар алған білімі бойынша видео түсіріп, практикалық жұмыс жүргізді.

Курс соңында қатысушылар жастарға арнайы сертификат табысталды.

Exit mobile version