Мәдениет және спорт министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен олардың авторларын қолдау мақсатында DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялады. Жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын конкурс негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Жаңа жобаның басталғаны туралы министр Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Жеңімпаздар «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі номинациялары бойынша 2022 жылғы желтоқсанда марапатталады.
Өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады.
Конкурс туралы толық ақпарат Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының www.kaztheatre.kz сайтында көрсетілген.