Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен білім беру грантына үміткерлерді іріктеу жүргізіледі. Жобаны жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, атап айтқанда «Kazenergy» қауымдастығы, NCOC пен КПО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында қаржыландырады.
Жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурсқа ҚР-ның азаматтары қатыса алады:
*
* 1) жалпы білім беретін мектептердің (оның ішінде шағын жинақты мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, бейіндік мектептердің) түлектері;
* 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (оның ішінде негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде) білім алушылар;
* 3) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар (ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген ұйымдар).
2023-2024 оқу жылына арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау және тіркеу 20 шілдеден бастап 31 тамызға дейін жалғасады.
Электрондық өтінімді grant.kazenergy.com сайтына жоғарыда көрсетілген мерзімде толтыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79 49 75 телефонына, сондай-ақ candidate@kazenergy.com эл. мекенжайына хабарласуларыңызды өтінеміз.