«Алқа» баспасының ұйымдастыруымен “Алқа” гранты тағайындалды. Қаламақысы – 1 000 000 теңге.
Бұл бастаманың мақсаты – мәдени дамудың жаңа векторларын, мәдениетаралық байланыстардың жаңа бағыттарын іздеу арқылы қазақ әдебиетін әлемдік әдеби кеңістікке сай дамыту. Қазақ әйелінің заманауи келбетін ашу, жаңа қазақ прозасын тың туындылармен толықтыру.
Қатысу үшін шығарманы жазып, дайындау және қатысу формасын толтырып, өтінім жіберу керек.
Конкурс мерзімдері:
1. Қатысушылардан өтінім мен шығарманы қабылдау кезеңі 2024 жылдың 20-сыншы наурызына дейін.
2. Грант иегері 2024 жылдың 5 сәуірі күні жарияланады.
Грант иегерінің аты-жөні Instagram (@alqapublishing) және Facebook (Alqa publishing) әлеуметтік желілеріндегі парақшасында жария етіледі.
Байқауға келіп түскен үміткерлердің шығармаларын әдебиеттанушы ғалымдардан құралған мамандар сараптайды. Антиплагиатқа тексеріледі. Комиссияның шешімі қайта қаралмайды.
Шығарманы жіберу үшін био-да көрсетілген қатысу формасын толтыру керек.
Шығармаға қойылатын талаптар:
- Шығарма көлемі: 50-70 бет, (бір бет 1800 таңба, бос орынсыз)
- Жанр: повесть
- Қозғайтын тақырыбы: заманауи, жасампаз қазақ әйелінің бейнесін ашу арқылы қазіргі кезеңдегі актуалды мәселерді қозғайды.
- Конкурсқа жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған және кітап болып басылып шықпаған болуы керек.
Жеңімпаз шығарманың авторы «Алқа» баспасымен келісімшартқа отырады. Шығарманың айрықша құқығы белгілі бір мерзімге «Алқа» баспасына беріледі.
Шығарма «Алқа» баспасынан «Experiment» сериясымен кітап болып басылады. Кітапты басып шығаруға кететін шығындарды баспа төлейді және қазақстандық кітап дүкендерінде сатуға құқылы болады.
P.S. «Алқа» грантының жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес келмейтін, адамдардың қандай да бір тобына немесе жеке тұлғаға қатысты арандатушылықты, ұлтаралық алауыздықты қоздыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамды жынысына, жасына, басқа да ерекшеліктеріне қарай кемсітетін жұмыстар қабылданбайды.