«Жасыл ел» еңбек жасағына 15 мамырдан бастап өтінім қабылданады

Маңғыстауда «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім қабылдау 15 мамырда басталады.

«Жасыл ел» еңбек жасағына 14 – 35 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады. Олар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады.

Құжат тапсырушылардың арасында ең бірінші әлеуметтік мәртебесі (көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және т.б.) бар отбасының балаларына басымдық беріледі.

Қажетті құжаттар тізімі:
• Өтінім;
• Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік – 5 дана;
• Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№027 форма);
• Ата – анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
• Оқу орнынан анықтама;
• 20 таңбалы шот нөмірі – 2 дана;
• Әлеуметтік мәртебесін анықтайтын анықтама;
• 3*4 фото сурет – 2 дана;
• Еңбек шарты.

Жастардың жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақы 85 000 теңге көлемінде есептеледі.

Жастар бағдарлама аясында бөлініске сай (әр аудан/қалада әр түрлі) 2 немесе 3 маусымға бөлініп, қызмет атқарады.

Қызмет уақытында жастар бағдарламаға арналған арнайы киімдер (футболка, бейсболка, қолғап) және құрал жабдықтармен қамтылады.

Одан бөлек, жазғы демалыс уақытында ЖРО ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жасағының жастарына оқыту шаралары, кездесулер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Құжаттар келесі мекенжайлар бойынша қабылданады:

1) Ақтау қаласы, 6 шағынаудан, «Жастар үйі» ғимараты, 5 кабинет;
2) Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар шығармашылық үйі» ғимараты, Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы;
3) Бейнеу ауданы, «AMANAT» партиясы ғимараты;
4) Қарақия ауданы, Құрық ауылы, 1 шағынаудан, «Жастар орталығы» ғимараты;
5) Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы;
6) Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы;
7) Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, «Жастар орталығы» ғимараты.

2024 жылға аталған бағдарламаны орындау үшін жергілікті бюджет есебінен 256,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында 2 888 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бағдарлама аймақтағы барлық аудандық және қалалық жастар ресурстық орталығының үйлестіруімен іске асады.

Exit mobile version