Жастармен TED форматында кездесу

Маңғыстау облысында NEET санатындағы жастардың мәселелерін талқылауға, олардың әлеуетін арттыруға және қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік беруге бағытталған «Жастармен TED форматында кездесу» атты ашық диалог өтті.

Кездесу TED форматында, яғни еркін пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және жастардың өзекті мәселелерін ашық талқылау форматында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Телманұлы Камбаров, Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Меруерт Кунакбаева, Ақтау қаласы ЖРО басшысы Серік Жомартов, Түпқараған аудандық ЖРО басшысы Рысқұл Мақтимбердиева, Қарақия аудандық ЖРО басшысы Әлібек Оразбекұлы, Мұнайлы аудандық ЖРО басшысы Айнұр Жақсылықова, Маңғыстау аудандық ЖРО басшысы Эльдар Амангелдин, сондай-ақ белсенді жастар мен NEET санатындағы жұмыссыз жастар қатысты.

Ашық диалог барысында NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, білім алуға және кәсіптік оқуға тарту, кәсіп бастауға мүмкіндік беру, жастардың әлеуетін дамыту және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қоғам өміріне белсенді араласуы және олардың бастамаларын қолдау бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. NEET санатындағы жастардың қажеттіліктерін зерделеу және оларды қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Exit mobile version