«Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

29 қыркүйек күні «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Жастар ресурстық орталығы және Маңғыстау облыстық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

Іс-шараға студенттер, прокуратура өкілдері мен адвокаттар қатысып, жастардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және түрлі жағдайларда заң аясында дұрыс әрекет ету жолдары талқыланды.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша мамандарға тікелей сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік алды.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық білімін жетілдіру, заңға деген құрметін қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.

Exit mobile version